Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Президент Алатау қаласын құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылып, аталмыш ауыл облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды.
1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін, – делінген құжатта.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.