Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында ауыр қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Ол Қарасай аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды

 Динара Амантай 09.01.2024 | 16:43
Алматы облысында ауыр қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталған адам – Өзбекстан Республикасы Наманган қаласының 54 жастағы тумасы. Оған Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабы 4-бөлігі бойынша ауыр қылмыс, яғни алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстан еліндегі әріптестерімен бірге іздеу жарияланған.

Айта кету керек, Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрші елдің құқық қорғау органдары іздеген 1969 жылғы азаматты ұстады. Қазір іздеудегі адам өз елінің құқық қорғау органдарына табысталғанға дейін Қарасай аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама