Техас штатындағы атыстан қаза тапқан адамдар көбейді
Ол мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған
АҚШ-тың Техас штатының Ювалде қаласындағы мектептегі атыстан қаза тапқан адамдар көбейді. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір 18 оқушы мен 3 ересек адам қаза тапты.
CNN арнасының хабарлауынша, қала губернаторы Грег Эббот адамдарға оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.
Ол мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған.
Полиция өкілі Пит Арредондо күдіктінің жалғыз өзі қару қолданғанын, мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты.
АҚШ президенті Джо Байден де Ювалдегі жағдай туралы хабардар болды.
Құрама штаттарда мұндай оқиғалар жыл сайын болып тұрады. Мысалы, былтыр осы Техас штатында сабақ үстінде сөзге келген оқушылардың бірі сыныптастары мен мұғалімге оқ атқан. Сол кезде үш адам жарақат алған. Біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал Ювалде қаласында қылмыскердің не себепті қаруға жүгінгені туралы нақты ақпарат жоқ.
Бұл елде кейінгі кезде осындай жағдайлар көбейіп кетті. Дәл осындай оқиға Иллинойс штатында да болған. Онда атыс кезінде жеті адам жарақат алса, Аризонадағы пойыздардың бірінде әлдекім тапаншадан оқ атып, бір адамның өмірін қиды. Былтыр 12 мен 17 жас аралығындағы 1100-ге жуық оқушы зардап шеккен.