Halyq Uni логотип
×

Талдықорғанда жоғалған оқушының денесі Текелі тауынан табылды

Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр

 Халық үні 08.01.2024 | 19:50
Талдықорғанда жоғалған оқушының денесі Текелі тауынан табылды
Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Талдықорғада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Жетісу облысының полиция департаменті.

Қыздың денесі Текелі тауынан табылды. Оны сол жерге көміп тастаған. Мәйітті полицейлер, әскери қызметшілер мен еріктілерден тұратын іздеу топтары тапқан. Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 14 жастағы Карина Дорохинаның жоғалып кеткені туралы ақпарат полицейлерге 28 желтоқсанда түскен.

Жасөспірім қараша айының басынан бастап сабаққа қатыспайтыны белгілі болды. Жедел-іздестіруді бастағаннан кейін полиция «қыз қылмыстың құрбаны болуы мүмкін» деген болжам жасады. ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тергеу жүрді. Қылмысқа күдікті ретінде жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі ұсталды, - дейді ведомство.

Қылмыстық оқиға полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама