Halyq Uni логотип
×

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды

Бақытгүл Хаменова 2020 жылы наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

 Халық үні 23.12.2021 | 09:32
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды
Бақытгүл Хаменова, фото: azh.kz

«Пара алды» деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін тағайындалған үйқамақ бұлтартпас жазасы қамауға өзгертілген. Бұл ақпаратты «Ақ Жайық» басылымы жазды.

22 желтоқсанда Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға санкция берді. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады. Хаменованы қамау туралы өтінішті Атырау облысының прокуратурасы түсірген. Шенеунік тұтқындалып, тергеу изоляторына жеткізілді, - делінген хабарламада.

Прокурор өтініші бойынша Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешімі күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша, Хаменова екі айға қамауға алынды.

Сот алқасы Хаменованың санкциясы бойынша жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Бұл процеске қатысушыларға және істі объектив тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін, - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылдың 10 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. 11 желтоқсанда бұл ақпаратты Антикор растап, Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын ресми түрде мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеуді бастады.Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді, - делінген хабарламада.

Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

2020 жылдың 13 наурызында Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бақытгүл Хаменова төрт жылға жуық уақыт Мәжіліс депутаты болды. Атыраулықтар оны журналист, педагог ретінде жақсы таниды. Мәжіліс депутаттығына сайланғанға дейін Бақытгүл Хаменова Атыраудағы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжін басқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама