Жамбылда мектеп оқушысы өзінен кішілерге жыныстық зорлық көрсеткен
5-сынып оқушысының бір жыл бойы жыныстық зорлық жасап келгені анықталды
Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Ақшолақ ауылының 10 жасар тұрғыны 6 және 8 жастағы мектеп оқушыларын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді.
Оқиға 2021 жылдың қыркүйек айында болғаны белгілі болды.
Аудандық ауруханаға 6 және 8 жастағы кәмелетке толмаған балалар жеткізілген. Олар ешқандай жарақат көрсетпеген. Олардың ата-анасының арызы Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі тіркелді», - деді полиция департаментінің өкілдері.
Зардап шеккен ұлдардың ата-анасы 5-сынып оқушысы балаларын бірнеше рет зорлағанын алға тартты. Ата-аналардың айтуынша, бесінші сынып оқушысы ақша берем деген желеумен балаларды қаңырап қалған ғимаратқа кіргізген.
Ашулы ата-аналар жергілікті билік болған жайтты басқа арнаға бұрып әлек екенін айтады. Ың-шыңсыз, у-шусыз шешіміне де көнген. Дегенмен, балалар оқитын мектеп директоры сексуалдық зорлық-зомбылық білім беру мекемесінің аумағында болмағанын айтты. Қазір балалармен психологтар жұмыс істейді.
Істі аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы комиссия қарауда.