Бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.
ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Прокуратура мәліметінше, бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», - делінген ведомство хабарламасында.
Іске қатысты басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды.
Еске салсақ, Азамат Батырбаев биылғы қаңтарда Талдықорғанда ұсталған болатын. 1 наурызда Батырбаевты азаптады деген күдікті анықталып, қамауға алынғаны хабарланды.