Halyq Uni логотип
×

Денесіне үтік басып азапталған талдықорғандықтың ісі туралы фейк тарады

Бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 Халық үні 25.05.2022 | 07:40
Денесіне үтік басып азапталған талдықорғандықтың ісі туралы фейк тарады
коллаж: Halyq Uni

ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Прокуратура мәліметінше, бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», - делінген ведомство хабарламасында.

Іске қатысты басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды.

Еске салсақ, Азамат Батырбаев биылғы қаңтарда Талдықорғанда ұсталған болатын. 1 наурызда Батырбаевты азаптады деген күдікті анықталып, қамауға алынғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама