Шектеу 6 айға енгізілді
Қазақстан тұрғындары енді рөлі оң жақтағы, бөлшектелген жеңіл көліктерді әкеле алмайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталонды бақылау банкінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығы жарияланды.
Онда бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» заңның 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес әзірленгені көрсетілген.
Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автокөліктерді Қазақстан аумағына бөлшектелген түрде 6 ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін, - деп жазылған құжатта.
Министрлік басқа мемлекеттік органдарға мынаны хабарлауы керек:
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.