Алтынай Жорабаева бесінші қызын дүниеге әкелді
Әншінің бірінші некесінен 4 баласы бар

Фото: әлеуметтік желіден
Танымал әнші, «Құрмет» орденінің иегері Алтынай Жорабаева бесінші баласын дүниеге әкелді.
Бұл туралы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева хабарлады.
Сүйінші! Алтушамыз бесінші қызын аман-есен дүниеге әкелді! Әрбір сәби күткен шаңыраққа бұйырсын! – деп жазды айтыскер ақын.
Айта кетейік, әншінің бірінші некесінен 4 қызы бар.