Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Бұрынғысынша Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын жауады, солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар болжанады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде. Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда.