«Анасы болуы мүмкін»: Қымбат Досжан қазақ баласына қатысты тағы бір жазба жариялады

Халық үні

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін тағы бір әйел ДНҚ сынамасын тапсырғанын мәлімдеді.

Фото: әлеуметтік желіден

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін тағы бір әйел ДНҚ сынамасын тапсырғанын мәлімдеді.

«Зерттеу жұмысы барысында «Бармысың бауырым?» редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана – Айгүл», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.