Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында дүние салды.
Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан жазушы Ғалымбек Елубай қайтыс болды. Бұл туралы жазушының досы Пернебай Сапар Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Ғалымбек Елубай бауырым, әттең, әттең... Бақұл бол. Қайран талант, ерте кетті-ау...», - деп жазды Пернебай Сапар.
Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында дүние салды.
Жазушы «Бүйі қаптаған жаз», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Құралай тышқанның боғы», «Шала бауыздалған ақ ешкі» секілді әңгімелерімен танылды.