«Toyota» автокөлігі «Үміт» дүкені жанындағы жаяу жүргінші өткелінде баланы қағып кеткен
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 мамыр күні Ю.Гагарин мен Жәнібек көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша ақ түсті «Toyota» автокөлігі «Үміт» дүкені жанындағы жаяу жүргінші өткелінде баланы қағып кеткен. Содан кейін жүргізуші жасөспірімді үйіне дейін жеткізіп, өзі бой тасалаған.
Баланың анасы сағат 17.40-та полицияға жүгінді. Жеткіншек жарақат пунктінде тексерілгеннен кейін қаншалықты зардап шеккені белгілі болады. Қазіргі кезде аталған автокөлікті іздестіруге департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 611-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.