Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Еркеғали Болатұлы

Түргенде 3 балл, Алматыда 2 балл болды

фото: alataunews.kz

Бүгін «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңындағы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілген.

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды.

Жер сілкінісінің ошағы – Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.3.
  • MPV магнитудасы: 4.6.
  • Тереңдігі: 10 шақырым.
  • Сезілгені туралы мәлімет: Түрген – 3 балл, Алматы – 2 балл.