Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Түргенде 3 балл, Алматыда 2 балл болды
Еркеғали Болатұлы
07.01.2024 | 16:27
Бүгін «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңындағы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілген.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды.
Жер сілкінісінің ошағы – Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.3.
- MPV магнитудасы: 4.6.
- Тереңдігі: 10 шақырым.
- Сезілгені туралы мәлімет: Түрген – 3 балл, Алматы – 2 балл.