×

Қызылордалық шаруалар жем-шөпті кәріз суымен суармақ

Бұл технологияны өзіміздің ғалымдар ойлап тапқан

 Еркеғали Болатұлы 07.01.2024 | 14:52
фото: Еркен Салихов

Қызылорда облысында кәріз жүйесінен шыққан сарқын сумен мал азығы дақыларын суару жоспарланып отыр. Ол үшін отандық ғалымдар ойлап тапқан күріш сабанынан алынатын белсендірілген көмір қолданылады, деп хабарлады 24.kz.

Былтыр егінге су жеткізуге қиналған елді мекендер қатарында Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылы да болды. Мұнда күріш пен мал азығы дақылын тіршілік нәрімен қамту үшін бірнеше су айдау құрылғысын пайдалануға тура келген. Жер тегістеуге арналған италиялық технологияның да тиімділігі мол болды.

Соңғы жылдары Сырдария өзенінің деңгейі төмендеп, өңірде су үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілі қолға алына бастады. Тамшылату, жаңбырлатудан бөлек, алқаптарды кезекпен суаруға да көшкендер бар. Енді кәріз жүйесіндегі лас суды мал азығы дақылын суаруға қайта пайдалану жоспарланып отыр. Бұл технологияны өзіміздің ғалымдар ойлап тапқан.

Лабораториялық зерттеу нәтижесінде күріш қалдығының сабанынан белсендірілген көмір шығару арқылы осындай сүзгілерді жасап, лас суды тазартып, пайдалануға болатындығы дәлелденіп отыр, - деді техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама