×

Министрлік ресейлік миллиардерге ұшақ сатылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Ресейлік бизнесменнің ұшақ сатып алғаны туралы ақпарат БАҚ-та тараған

 Халық үні 06.01.2024 | 22:58
Courtesy Gulfstream

Ресейлік миллиардер қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X әуе кемесін сатып алғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді.

Көлік министрлігі санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, - делінген хабарламада.

Ведомство әуе кемесінің бұл түрі бұрын-соңды Қазақстан азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік реестрінде болмағанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Irtysh air авиакомпаниясында азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық уақыт бойы ұшпайды. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған, - деп атап өтті министрліктегілер.

Бұған дейін Ресейдің кейбір бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік миллиардер Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, Қазақстан арқылы жаңа Falcon 7X бизнес-джетін сатып алғанын хабарлады. Ұшақты Екібастұзда орналасқан қазақстандық Irtysh air әуе компаниясынан сатып алды деген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама