×

Қызылорда облысында төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталды

Жәбірленушіге жалпы 2,6 млн теңгеге жуық шығын келген

 Халық үні 25.05.2022 | 06:10
Фото: inform.kz

Қызылорда облысы Қазалы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу аудандағы дәріхананың ішінде тұрған терминалды бұзып, ішіндегі ақшаны ұрлап әкеткен.

Салдарынан жәбірленушіге жалпы 2,6 млн теңгеге жуық шығын келген. Жедел іздестіру нәтижесінде ақша ұрлығы қылмысын жасаған күдікті әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама