×

«КамАЗ» жүк көлігінің салонынан құлап түскен ер адам мерт болды

Жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорнының 48 жастағы жұмысшысының жүріп келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің салонынан құлап түскен

 Халық үні 25.05.2022 | 05:45
Фото: inform.kz

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәдениет ауылынан екі шақырым жерде жергілікті тұрғын қаза болған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорнының 48 жастағы жұмысшысының жүріп келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің салонынан құлап түскенін анықтады. Ер адам құлаған кезде, көліктің артқы дөңгелектерінің астында қалған. Ол алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта Сандықтау аудандық ПБ тергеу бөлімі осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі («Автомобильді, троллейбусты, трамвайды және басқа да механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08