Жетісу облысы полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Талдықорғанда екі адамды бауыздап кеткен. Бұл туралы Instagram-дағы krisp.tdk парақшасы хабарлады.
«Бүгін Талдықорған қаласындағы Ақбаустау көшесінде орналасқа тұрғын үйден тамағы кесілген екі адамның денесі табылды. Сұмдық жағдай. Мұны кім жасады? Иманды болсын!», - делінген жазбада.
Жетісу облысы полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп хабарлады ведомство.