×

«ҚазТрансОйл» директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды

Марат Омаров 2020-дан 2022 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ тасымалдау және логистика департаментінің директоры қызметін атқарған

 Халық үні 25.05.2022 | 05:00
Фото: tengrinews.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілі Марат Орманов акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің мүшесі Данияр Берлібаевтің өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылып, Марат Орманов «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ осы шешімге сәйкес Марат Орманов «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің құрамына төмендегі адамдар кіреді:

«ҚазМұнайГаз» өкілі – Марат Орманов;

«ҚазМұнайГаз» өкілі – Марлен Оразбеков;

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры әрі басқарма төрағасы – Талғат Құрманбаев;

Тәуелсіз директор – Винишиус Агостини;

Тәуелсіз директор – Альберто Мартинес;

Тәуелсіз директор – Адриан Фрейсине.

Марат Күшкенбайұлы 1971 жылы 6 қазанда дүниеге келген. Севастополь жоғары әскери-теңіз инженерлік училищесін «Электр қондырғылары», «Инженер-механик, шет тілін білетін ХЭҚ маманы» мамандықтары бойынша бітірген. Ал «Қайнар» университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жетекші маманы болып бастаған. Бірнеше жыл бойы акционерлік қоғамда қызметі ауысып, маркетинг бөлімінің мұнай-газ өнімдері тобының жетекші инженеріне дейін көтерілген. Одан кейін «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКҚК» ЖШС-де компанияның Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болып жұмысқа орналасып, кейін ЖШС бас директоры лауазымына дейін көтерілген.

Марат Омаров 2020-дан 2022 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ тасымалдау және логистика департаментінің директоры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама