Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда Pfizer вакцинасы ақылы болады: Үкімет ДСМ ұсынысын қолдады

Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы ревакцинациялау 22 қарашада басталады

 Халық үні 16.11.2021 | 09:50
Қазақстанда Pfizer вакцинасы ақылы болады: Үкімет ДСМ ұсынысын қолдады
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысныда Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады.

Бүгінде Қазақстанда 8,5 миллионнан астам – 18 жастан асқан азаматтардың 75 пайызы екпенің бірінші компонентін және 7,8 млн адам – ел тұрғындарының 69 пайызы екінші компонентін салдырған. Қазақстан Үкіметі қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын санаттарды кеңейтіп жатыр.

Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар адамдар өз таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді және ревакцинация қағидаларын сақтауды сұраймын, - деді Асқар Мамин.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды. Олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары. Бүгінде Қазақстанда 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын алған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы ревакцинациялау 22 қарашада басталады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдардың вакцинацияланғанын ескере отырып, тиісінше алғашқы вакцинациялау мерзімдерін ескере отырып, жыл соңына дейін халықтың осал топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, МӘМ, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері) ревакцинация алады.

60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар белгіленген мерзімдерді есепке алмай ревакцинациялауға жіберіледі.

Сәуір айында жаппай алғашқы вакцинацияның басталуын ескере отырып, вакцинацияның бірінші компонентін алған республиканың барлық азаматтары (вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін) 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинацияланады.

Осыған байланысты екінші кезеңде алғашқы вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация мерзімі жеткен қалған азаматтар ревакцинацияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама