Ақшаны мерзімінен бұрын алуға болмайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасында қаржының қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан азаматы болып саналатын барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есептеледі. Табыс 18 жыл бойы есептеледі. Есепті жылы барлық бала ақшаны бірдей мөлшерде алады.
Сондай-ақ балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептеледі және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толғандар жинақты 2 мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады. Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Балалардың заңды өкілдері не істеуі керек:
Егер балада:
Бұған дейін бұл қаражатты елімізде 200 мыңнан аса баланың пайдалана алатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ қаржыны алу үшін не істеу керектігі де түсіндірілген.
Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында 18 жасқа толған қазақстандықтың 3 500 доллар алатыны белгілі болған еді.