Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасуда
«Майкаинзолото» АҚ-ға тиесілі шахтаға құлаған 2 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Кеніште топырақ әлі сырғып жатыр, опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасуда, - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына Төтенше жағдай министрінің орынбасары Мереке Пішембаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов барды.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысының ТЖД кинологтары да тартылды.
Оқиға орнына ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, 103 қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетсек, кеше Павлодар облысында кенішке құтқарушылар отырған автобус құлап кеткені хабарланған еді. Содан кейін 2 құтқарушының денесі табылды. Қалған 2 адам іздестіріліп жатыр.