Шетел азаматтарынан 3 млн теңге мен 13 мың доллар ұрланған
Алматыда жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сингапур азаматтарына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 5 адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, 3 млн теңге мен 13 мың долларды ұрлап әкеткен.
Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Олар Алматы облысының 1999, 2001, 2003 жылы туған тұрғындары болып шықты. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т. есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Ол шетелдіктермен бірге жұмыс істеп, олардың табысы туралы білген. Күдіктілерден айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.