Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды
MPV магнитудасы — 4.1
5 қаңтар Алматы уақытымен түнгі 00:51 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kaziınform.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 404 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.2.
MPV магнитудасы — 4.1.
Тереңдігі — 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.