Елена Рыбакина WTA 500 жарысының ширек финалына жолдама алды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтың Нонтхабури қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска мен жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Құламбаева мен Сакеллариди қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Аустралияның Брисбен қаласында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол турнирдің екінші ракеткасы болып ойнап жатыр. Теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Олар осы кезге дейін төрт рет кездескен еді. Соның үшеуінде Рыбакина жеңіске жетті.
Мертенс оңай шағылатын жаңғақ емес. Ол «Үлкен дулыға» турнирінде үш рет жұптық сында жеңімпаз атанған.
Енді Рыбакина турнирдің ½ финалына шығу үшін рейтингте 28-сатыда тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен ойнайды.