Бұл – қайтарылған қорғаушылар саны бойынша ең үлкен алмасу
Ресей мен Украина соңғы 6 айда алғаш рет тұтқын алмасты. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Мәскеуден хабарлағандай, Украинадағы әскери іс-әрекетке қатысқан 248 ресейлік еліне оралған. Ал Киев 230 адам, оның ішінде 6 бейбіт тұрғынның елге оралғанын растады.
Жоғарғы Раданың Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің нақтылауынша, бұл – тараптар арасындағы 49-шы және Әскери тұтқындарды үйлестіру штабының мәліметінше, қайтарылған қорғаушылар саны бойынша ең үлкен алмасу.
Сондай-ақ операцияның БАӘ делдалдығымен жүргізілгені хабарланды.
Киевтің ресми мәліметінше, былтыр жыл аяғында Ресей тұтқынында 4 337 адам болған, оның 763-і – бейбіт тұрғын.
Ал Мәскеу былтыр күзде Украина тұтқынында 500 ресейлік бар екенін мәлімдеген болатын.