Бұл айқаста мексикалық өзіне тиесілі барлық белбеуін қорғайды
Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесетін болды.
Трилогия 17 қыркүйек күні болады. Боксшылар екінші орта салмақта кездесу өткізеді. Бұл айқаста мексикалық өзіне тиесілі барлық белбеуін қорғайды.
«It’s official? See you on September 17. Надеюсь, увидимся 17 сентября. Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше», - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы GGG мен Канело арасындағы бұған дейінгі екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті.
Бірінші жекпе-жек тең есеппен және ал екінші төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.