×

Көкшетауда мектеп ауласында жарылыс жасалды

Бұл жолы түскен хабар жалған емес екен

фото: azh.kz

Көкшетауда мектеп ғимаратында табылған күдікті затқа байланысты адамдар эвакуацияланды.

«24 мамыр күні Көкшетау қаласындағы білім ордасының бөлмесінде сымдары бар қаңылтыр банка табылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері аталмыш аумақты қоршап, адамдарды эвакуациялады. Жару-техник мамандары табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жарылыс жасалды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция департаментінің жедел - тергеу тобы және жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар қажетті шаралар атқаруда.

«Толығырақ мәліметтерді кейін қосымша хабарлайтын боламыз. Азаматтарға дүрбелеңге салынбауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - деп толықтырды ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20