Тергеу изоляторының камерасында оған қысым көрсеткен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі адвокат Асентай Ақаевтың қорғауындағы Қайрат Құдайбергенге қатысты азаптаулар қолданылғаны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.
18 мамырда Қайрат Құрайбергеннің адвокаты Асентай Ақаев өзінің Facebook парақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобының (ВЖТТ) қызметкеріне қатысты азаптау бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, ҚР БП ВЖТТ қызметкері «тергеу изоляторының камерасында оның ар-абыройы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, оған қысым көрсеткен».
Асентай Ақаев Бас прокуратура «тергеу барысына араласпайды және тергеудің объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз етеді» деген үміт білдірді.
Zakon.kz редакциясы осы жайтқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне түсініктеме алу үшін жүгінді.
«Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК 146-бабы, 1-бөлігі бойынша азамат Қайрат Құдайбергеннің мүддесін қорғаушының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Келіп түскен арызда ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрамында болған ІІМ-нің жедел қызметкері қамаудағыға қатысты анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны айтылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде арыз авторының алға тартқан барлық дәйектері тексерілетін болады», – делінген Антикордың баспасөз қызметінің жауабында.
Құзырлы ведомство атап өткендей, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
Айта кетсек, 21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар айында өткен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысысты деген күдік бойынша ұсталды. 20 мамырда Қайрат Құдайбергенді қамауға ұстау мерзімі тағы екі айға, яғни 21 маусымға дейін ұзартылғаны белгілі болды.