Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Ол еңбек жолын өңірден бастаған
Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін Мейірлан Раханов атқаратын болды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.
- 2012 жылы – Қарағанды облысы Салық басқармасының жетекші маманы;
- 2012-2013 жылдары – Қарағанды облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бас маманы;
- 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
- 2016-2021 жылдары – Президент баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы;
- 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.