4 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран мен екпінді жел болады деп болжануда.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 4 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әлі де Қазақстанның ауа райына әсер етеді, ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын күтіледі (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран мен екпінді жел болады деп болжануда.