Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды
«Қазгидромет» РМК 4-6 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.