Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы тағайындалды
Ол мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек еткен
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы қызметіне Жомарт Әбиесов тағайындалды, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының бұйрығымен Жомарт Әбиесов агенттіктің аппарат басшысы болды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Жомарт Әбиесов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Ол – Сингапур ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің магистрі. Еңбек жолын 2000 жылы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің «Резерв» РМК бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Көлік және коммуникация министрлігінде, Үкімет және Ұлттық банк жанындағы «Ұлттық талдау орталығында», Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеген.
- 2002-2008 жылдары – Президент әкімшілігі Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, бас инспекторы, басшысының орынбасары, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі;
- 2008-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры;
- 2011-2014 жылдары – «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы;
- 2014-2015 жылдары – «Ұлттық банк банкнот фабрикасы» РМК директорының бірінші орынбасары;
- 2016-2019 жылдары – «Астана» ХҚО басқарушысының кеңесшісі, «Қазпошта» АҚ трансформация жөніндегі басқарушы директоры, «Каспий ӘКК» АҚ басқарма төрағасы, Стратегиялық бастамалар орталығының басқарушы серіктесі;
- 2019-2023 жылдары Президент әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
Экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденімен марапатталған.