×

Енді OTAU TV операторы Ресей телеарналарын көрсетпейді

Тізімде «Первый канал» телеарнасы да бар

 Дәурен Ерболат 03.01.2024 | 14:25
Фото: tv8.md

OTAU TV операторы желілік хабар тарату тізімінен ресейлік телеарналарын алып тастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жаңа жылдан бастап компания басшылығы жаңалық тарататын шетелдік арналардың үлесін біртіндеп қысқарту туралы шешім қабылдаған. Оның орнын ойын-сауық, фильм және танымдық сипаттағы рейтингі бар телеарналар алмастырады. Оның ішінде қазақстандық телеарналар да бар: тек биылдың өзінде TVCOM пакетіне 19 қазақстандық телеарна қосылды, - деп жазылған Tv-com.kz таратқан ақпаратта.

Осылайша, OTAU TV операторы «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!» телеарналарын хабар тарату тізімнен алып тастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама