Бір жылда 35 мыңнан аса шекара бұзушы ұсталды
Алды алынған залал сомасы 7 млрд теңгеден асады
Бір жылда 35 мыңнан аса шекара бұзушы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде шетелдің 1094 азматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 құқық бұзушы тіркелді.
Оның ішінде:
- 444 – жалпы салмағы 1 тоннадан астам есірткі заттары;
- 389 – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана атыс қаруы, 986 дана оқ-дәрі, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
- 279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
- 3 112 – 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
- 2 986 – 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 816 – 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды:
- жалпы ұзындығы 738 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
- 3 463 дана (20 276 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
- 45 332 дана (67 899 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
- 23 250 дана (10 238 келі) шаян тұқымдастар.
Алды алынған залал сомасы 7 млрд теңгеден асады.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.