Halyq Uni логотип
×

Ақтоты Райымқұлованың отставкаға кету туралы өтінішін басшылық қабылдамаған

Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет жазғы олимпиададан алтын медальсіз қайтты

 Ербол Тұрымбет 22.12.2021 | 14:29
Ақтоты Райымқұлованың отставкаға кету туралы өтінішін басшылық қабылдамаған
Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт министрі

Бүгін ОКҚ-да өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова журналистердің Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кетуі туралы сұрағына жауап берді.

Бұған дейін де қойылған сұрақ. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін, - деді министр.

Одан бөлек, ведомство басшысы Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлуді мемлекет басшылығы шешетінін айтты.

Еске салайық, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық рейтингте 83 орын алды. Бұл жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының ең төмен көрсеткіші және алғаш рет ұлттық құрама олимпиададан (жазғы) алтын медальсіз оралды.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанғандар: Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (ауыр атлеттер), Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов (боксшылар), Нұрислам Санаев (еркін күрес), Дархан Асаділов пен Софья Берульцева (каратэ).  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама