Қазақ балуандары Біріккен күрес одағының рейтингінде көш бастады

Дастан Жұмабекұлы

Ризабек Айтмұхан мен Жәмила Бақбергенова үздік атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Біріккен әлемдік күрес одағының (United World Wrestling – UWW) рейтингінде көш бастады.

Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бірінші орынға шықса, Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Жәмила да еркін күрестен әлем чемпионатында үш рет медалист болған тұңғыш қазақ қызы. Ал Ризабек былтыр тұңғыш рет қазақ тарихында әлем чемпионы атанған болатын.

Жәмила Бақбергенова Азия чемпионатын үш рет жеңіп алған. Былтыр ол Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Спортшыларға Біріккен әлемдік күрес одағының рейтингінде баға олардың әлем чемпионаттарына, құрлықтық турнирлерге, Азия ойындарына, Панамерикандық ойындар мен төрт рейтингтік турнирге қатысып, жеңіп алған жүлделеріне қарап беріледі.