Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Бүгінде жолдардағы қарды тазалауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды
Динара Амантай
03.01.2024 | 11:55
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жетісу облысында 1 учаске:
- «Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым. Көктұма бекеті-Достық бекеті – 100 шақырым.
Қарағанды облысында 1 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым. Пришахтинск ауданы-Новостройка ауданы – 16 шақырым
Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды.