Halyq Uni логотип
×

Павлодардағы гастро-барға қазақтарды кіргізбей жатқаны рас па?

Бұған дейін желіде бұл ақпарат тараған болатын

Павлодардағы гастро-барға қазақтарды кіргізбей жатқаны рас па?
фото: Азаттық рухы

Әлеуметтік желілерде павлодардағы көңіл-көтеру орындарының бірінде қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын туралы ақпарат тараған болатын.

Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі тексеру қорытындылары бойынша бұл фактінің расталмағанын хабарлады. 

«Кейбір республикалық интернет-басылымдарда және әлеуметтік желілерде Павлодардың гастробарларының біріне түрлі сылтаулармен қазақтарды жібермейтіндігі туралы ақпарат таралды. Құқық қорғау органдарын тексеру қорытындылары бойынша бұл фактінің расталмады. Қалалықтардан тиісті мемлекеттік органдардың ресми тұжырымдарына ғана сенуді сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Тағы оқи отырыңыз: «Бұл жерде нацистер істеп жатыр!»: Павлодарда қазақтарды гастро-барға кіргізбейді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама