Ол журналистика және экономика мамандығы бойынша білім алған
Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынаРустам Ахатханұлы Баялиев тағайындалды.
Айта кетейік, Рустам Баялиев 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылы Еуразия нарық институтында экономист мамандығы бойынша білім алған.