×

Щучье-Астана бағытында қатарынан 15 көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Бір адам ми жарақатын алды

 Еркеғали Болатұлы 03.01.2024 | 10:26
фото: 20astana.kz

2 қаңтарда сағат 16:00 шамасында Щучье-Астана бағытындағы тасжолда, Жасыл ауылының маңында ірі жол апаты болды.

Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Соның салдарынан 15 көлік зақымдалып, 1 адам ми жарақатын алды. Ол жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына жеткізілді.

Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, оған дейін Астана-Петропавл тасжолында 16 көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама