Елімізде күн күрт суытуы мүмкін
Солтүстік өңірлерде минус 25 градусқа дейін аяз болады
Еліміздің басым бөлігінде әлі тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қар жауып, боран соғады әрі көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек оңтүстік-шығыста жауын-шашын жаумайды деген болжам бар.
Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы минус 0-13 градустан минус 5-25 градусқа дейін түсіп, күн күрт суытуы мүмкін.