×

Шымкентте өртенген ғимараттан белгісіз адамның мәйіті табылды

Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпып кеткен

фото: ашық дереккөзден

Шымкентте өртенген ғимараттан белгісіз адамның денесі табылды. Марқұмның денесі толықтай жанып кеткендіктен, тұлғасын анықтау мүмкін болмаған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 

ПД-нің мәліметінше, түнгі сағат 21:45-те Тәуке хан даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бос тұрған екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында ағаш жабындысы отқа оранғанын анықтаған. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпып кеткен.

«Ғимараттың бірінші қабатындағы өрт 22:17-де оқшауланып, 22:27-де толық сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде табылған дененің жеке басы анықталу үстінде. Өрттің шығу себебін Шымкент полициясы анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 21 мамырда Шымкенттегі жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапқанын жазған едік. Олардың арасында туғанына 18 күн ғана болған нәресте де бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама