Атырау облысында балық қырылып жатыр

Халық үні

Себебі судан алынатын сынаманың қорытындысынан соң белгілі болады

Фото: qyzyljarnews.kz

Атырау облысындағы Соленое каналында балық қырылып жатыр. Қазір су маржанының қырылу себебін тексеру басталды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ақпаратына сүйенсек, каналда балықтың қырылғаны туралы ақпарат бүгін түскен.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балықтың қырылғаны анықталды. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін бүгін, 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға орнына аттанып кетті, - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Мамандардың түсіндіруінше, балықтың қырылу себебі әзірге белгісіз. Оның себебі судан алынатын сынаманың қорытындысынан соң белгілі болады.