Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 2 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады деп болжануда.

Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда.

Жауын-шашын (көбінесе қар) түседі, батыста қар жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары қатты жел күтіледі.