«Ішінде бала бар»: түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты

Халық үні

Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды

Фото: polisia.kz

Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты. Олардың арасында кішкентай бала да бар, деп хабарлады polisia.kz.

1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21 -де СҚО Булаево ауылы Целинная көшесі 7 мекен-жайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйде өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды.

Өрттің алдын-ала себебі-стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы.