Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) – 130 414 теңге
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жәрдемақылар мен зейнетақы мөлшері артты.
2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгері арттыру көзделген.
2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) – 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге).
Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру іске асырылады.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл – 28 215 теңге. Ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100-ден 105%-ға дейін арттырылып, 45 578 теңге болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі төмендегідей ұлғаяды:
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7% ұлғайтылады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша іске асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке-жеке есептеледі және мыналарға байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.